Загрузка
Айналдым ботам
Айналдым ботам
  • Поп
  • 04:14
  • 320 кбит/с
  • 9.98mb
  • 2023-12-30
Текст песни Өмірдің бар қызығы бала деген
Артыңда ізің болып қалады екен
Ойнағанын күлгенін
Аман есен жүргенін
Көру нағыз ең бақытты күндерім
Оларсыз ғұмырыңның барма мәні
Көңілің қылығына алданады
Сүйкіміндей сәбидің
Ғажабы жоқ фәнидің
Аман болсын ұл-қыздары әр үйдің
Қайырмасы:
Айналдым ботам ботам ботам
Былдырлаған тіліңнен
Айналдым ботам ботам ботам
Сыңғырлаған үніңнен
Аймалап сүйіп сүйіп сүйіп
Мейірімге бөлейін
Өмірде биік биік биік
Ұшқаныңды көрейін
Кім сүймес ел мақтаса өз баласын
Шаттанып соған жаның мәз боласың
Әрбір атқан таңдағы
Ата-ананың арманы
Ұл ұяға, қыз қияға қонғаны
Ақталып бәрініңде сенімдері
Перзенті орнын тапсын өмірдегі
Қамын ойлап алаңдар
Балаң барда бағаң бар
Ұрпағымен мың жасайды адамдар
Айналдым ботам ботам ботам
Былдырлаған тіліңнен
Айналдым ботам ботам ботам
Сыңғырлаған үніңнен
Аймалап сүйіп сүйіп сүйіп
Мейірімге бөлейін
Өмірде биік биік биік
Ұшқаныңды көрейін
: / :