
Әкем-Анам
- Поп
- 04:04
- 320 кбит/с
- 9.65mb
- 2023-06-19
Артисты: Әміржан Бекнияз
Текст песни
Әкешім – асқаралы дара тұлғаң,
Анашым – шұғыла нұр таратылған.
Ән жолдап өздеріңе тарту етті,
Түлеген балапаның қанатыңнан.
Сыйлаған жан шуағын әкем, анам,
Жанымда жүрсең дәйім есен-аман.
Балалық балғын шаққа оралғандай,
Мейірімді жүздеріңнен әсер алам.
Үмітпен биіктерге талаптанып,
Ұяңнан ұшты ұлың қанат қағып.
Көрермін қиынын да, қызығын да,
Өмірдің сан тарауын сан ақтарып.
Жөргекке құлыным деп құндақтаған,
Есейді Ана әлдиін тыңдап балаң.
Алланың мейіріміне бөлендірер,
Сендердің разылығың қымбат маған.
Анашым – шұғыла нұр таратылған.
Ән жолдап өздеріңе тарту етті,
Түлеген балапаның қанатыңнан.
Сыйлаған жан шуағын әкем, анам,
Жанымда жүрсең дәйім есен-аман.
Балалық балғын шаққа оралғандай,
Мейірімді жүздеріңнен әсер алам.
Үмітпен биіктерге талаптанып,
Ұяңнан ұшты ұлың қанат қағып.
Көрермін қиынын да, қызығын да,
Өмірдің сан тарауын сан ақтарып.
Жөргекке құлыным деп құндақтаған,
Есейді Ана әлдиін тыңдап балаң.
Алланың мейіріміне бөлендірер,
Сендердің разылығың қымбат маған.