Загрузка
Алға Қазақстан
Алға Қазақстан
  • 03:20
  • 320 кбит/с
  • 8.01mb
  • 2016-12-12

Артисты: Данияр Барыс

Текст песни Ұлы дала елім, ұлан ғайыр жерім
Тау суындай мөлдір бастауы
бұлақтайын ойнап, құрақтайын жайнап,
Өрге басқан өнер жастары
Ұлы далам менің ұлы бабам менің
Қазағымның зеңгір аспаны
Мінген атым жорға, көк байрағым қолда
осы емес пе елдің асқаны ...
Алға, алға, ұлы дала ұрандары
Самға, самға қайтпас қайсар қырандары
Алты алашым аламанда атың озып
Тарқамасын ұлы дүбір тұрандары
Қазақстан
Атам аңсап өткен
Сан майданмен жеткен
Тәуелсіздік тұмарым дедім
Теңгесі жоқ дара, туған елім ғана
жер бетінде жұмағым менің
Қазақстан алға , Қазақстан самға
Қастерлеймін ұраныңды елім
Кім көрінген сенбес, күн сөнгенше сөнбес,
Күн көтерген қыранын елін
қазағым менің
Алға, алға, ұлы дала ұрандары
Самға, самға қайтпас қайсар қырандары
Алты алашым аламанда атың озып
Тарқамасын ұлы дүбір тұрандары
Қазақстан
Источник: https://kazakh-republic.ru/music/audio.php?id=7228&ysclid=m0xmjqnz47694434062
: / :