
Атам-Әжем
- Поп
- 04:14
- 320 кбит/с
- 9.93mb
- 2023-05-20
Артисты: Сарсенбай Ибрахим
Текст песни
Менің Атам - ең биік, дара шыңым,
Менің Әжем - ақ көңіл, жанашырым!
Ұрпағы үшін, күн - түні дұға тілеп,
Амандығын сұрайтын, баласының.
Менің Атам - нар тұлға, мақтанатын,
Менің Әжем - біз бенен шаттанатын.
Немерем деп иіскеп маңдайымнан,
Ақ тілегін, жүректен ақтаратын.
Атам - Әжем, асқарымыз,
Қымбат жандар, расында!
Аман болып, жастарыңыз,
Жетсе деймін, ғасырға..!
Атам - Әжем, қымбаттарым,
Теңеймін мен, асылға.
Мен мәңгілік бақыттымын,
Сіздер бар да, қасымда!
Менің Атам - басқадан, дара сірә,
Менің Әжем - құн жетпес, бағасына!
Осылар ғой әрдайым бақыт тілеп,
Ақ батасын беретін, баласына!
Менің Атам - мейірімді, асқақ адам!
Менің Әжем - жаулығын тастамаған!
Қос Қариям аман-сау болса деймін,
Керек емес, осыдан басқа маған!
Менің Әжем - ақ көңіл, жанашырым!
Ұрпағы үшін, күн - түні дұға тілеп,
Амандығын сұрайтын, баласының.
Менің Атам - нар тұлға, мақтанатын,
Менің Әжем - біз бенен шаттанатын.
Немерем деп иіскеп маңдайымнан,
Ақ тілегін, жүректен ақтаратын.
Атам - Әжем, асқарымыз,
Қымбат жандар, расында!
Аман болып, жастарыңыз,
Жетсе деймін, ғасырға..!
Атам - Әжем, қымбаттарым,
Теңеймін мен, асылға.
Мен мәңгілік бақыттымын,
Сіздер бар да, қасымда!
Менің Атам - басқадан, дара сірә,
Менің Әжем - құн жетпес, бағасына!
Осылар ғой әрдайым бақыт тілеп,
Ақ батасын беретін, баласына!
Менің Атам - мейірімді, асқақ адам!
Менің Әжем - жаулығын тастамаған!
Қос Қариям аман-сау болса деймін,
Керек емес, осыдан басқа маған!