Загрузка
Бiз екеумiз
Бiз екеумiз
  • 03:38
  • 128 кбит/с
  • 3.34mb
  • 2015-12-12
Текст песни Түнгі аспанда жымындысса жұлдыздар
Сырластарға әсер етпес түнгі ызғар
Бір арудың жүрегінде мен бармын
Менің жұмыр жүрегімде бір қыз бар
Біз екеуміз бір бақытқа жетерміз
Төлеген мен Қыз Жібектей екенбіз
Бірақ бірақ ажырамаc арамыз
Екі жарты бір бүтінбіз екеуміз
Мәңгі бақи қол ұстасып өтерміз
Қозы Көрпеш Баян сұлу екенбіз
Ешкім бізді айыра алмас ешқашан
Ажырамас ғашықтармыз екеуміз
Мойнына айдан алқа тағайын
Саусағына жұлдыз жүзік салайын
Ақ бұлттарды ақбозат қып алайын
Құс жолымен жаным саған барайын
Біз екеуміз бір бақытқа жетерміз
Төлеген мен Қыз Жібектей екенбіз
Бірақ бірақ ажырамаc арамыз
Екі жарты бір бүтін біз екеуміз
Мәңгі бақи қол ұстасып өтерміз
Қозы Көрпеш Баян сұлу екенбіз
Ешкім бізді айыра алмас ешқашан
Ажырамас ғашықтармыз екеуміз
Ажырамас ғашықтармыз екеуміз
Махаббаттың қия шыңын мекендеп
Қос жүректі қоссақ деймін екеулеп
Әлем бізге таңдай қағып қарасын
Шын ғашықтар қосылады екен деп
Біз екеуміз бір бақытқа жетерміз
Төлеген мен Қыз Жібектей екенбіз
Бірақ бірақ ажырамас арамыз
Екі жарты бір бүтін біз екеуміз
Мәңгі бақи қол ұстасып өтерміз
Қозы Көрпеш Баян сұлу екенбіз
Ешкім бізді айыра алмас ешқашан
Ажырамас ғашықтармыз екеуміз
: / :