Загрузка
Ел көшкенде
Ел көшкенде
  • Поп
  • 05:36
  • 250 кбит/с
  • 10.36mb
  • 2024-02-16

Артисты: Нұр тобы

Текст песни Үш ойғырдың басынан ел көшкенде-ай,
Қара желі Қобданың желдеткенде-ай.
Бейбіт күнде бөлініп ағайыннан-ай,
Ойды күдік, бойды мұң меңдеткенде-ай
Бұзылмаған қаймағың,
Керей, Уақ, Найманым.
Кімге тастап барасың,
Баян-Өлгей оу, аймағын?
Қия алмайсың қиналып, сүйікті елді-ай,
Мөлдір, бұлақ, қарлы тау биіктерді-ай.
Неге ғана мен ылғи көше берем-ай,
Көше беру еншіме тиіп педі-ай?
Керей, Найман, Уағым,
Күнгей бетім шуағым.
Тілім, салтым, байлығым,
Мөлдір бастау оу, бұлағым.
Жер ұйығы Ойғырда, Жебеті Усай-ай
Жылқым өріп барады ай жусай жусай-ай
Жаны жомарт Маңғолдар бауырларым-ай
Тумасақта болып ек туысқандай-ай
Урианхай, Тува, Дөрбетім,
Дөңгеленген келбетің.
Ел көшкенде-жер жетім,
Мен кешкенде-оу сен жетім.
Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
Ата-жұртың шақырды ашты есігін-ай.
Көшкені де қарыздар, қалғаныда-ай
Сен аман бол, туған жер-бақ бесігім-ай.
Найман Уақ Керейім,
Мақтанышым мерейім.
Түтініңді түзерсің,
Бұдан артық оу не дейін.
Ойғыр әкем болғанда, Соғақ шешем ай
Ойға көсем емеспін сөзге шешен ай
Тәуекелге бел буған ағайындар ай
Ата жұртқа жетіңдер аман есен ай
Көшүге бел байлаған
Көліктерін сайлаған,
Ағайынға ақ сапар,
Ұрпақ қамын-оу ойлаған!
Алыс кетіп жүдеген.
Сағынышы үдеген.
Ағайынның бұл әнім.
Амандығын - оу тілеген.
: / :