Загрузка
Ерлікке шақыру
Ерлікке шақыру
  • 04:20
  • 320 кбит/с
  • 10.04mb
  • 2020-12-12

Альбом: Айхай 25

Артисты: Төреғали Төреәлі

Текст песни Міне саған ойланатын келді күн,
Азамат боп атқа міндің сен бүгін.
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда
Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің?!

А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.

Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым
Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.

А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.
Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін,
Ер жігіттің намысында бұл бір сын.
Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді,
Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін?!
: / :