Загрузка
Қайран күндер
Қайран күндер
  • Поп
  • 03:33
  • 320 кбит/с
  • 8.42mb
  • 2023-05-09
Текст песни Кешегі күндер-ай
санамда сақталған.
Сырласқан түндер-ай,
бұл күнде тәтті арман.
Қайырылмай қайран күндер кеткеніме,
жалынды жастығымды шектеді ме?!
Із қалды өткен күннен естелік боп,
өшпестей шуақты сол сәттерімнен
Қайран сол күндерім,
айналған сағымға.
Аңсадым, іздедім
қамыққан шағымда.
Ғажайып ойдың еріп жетегіне,
ән салсам дауысым шіркін жетеді ме?!
Көз ілсем саяхаттап жүрем жиі,
тәп-тәтті естеліктер мекенінде..!
Бақытты шақтардың,
куәсі өткен күн.
Есімде сақтармын,
әр сәтін көктемнің.
Білемін қайран күндер алыстасың,
белгілі қайта айналып қауышпасым.
Өткенге өкінбеймін, сағынғанмен,
келер күн кереметін тауыспасын!
: / :