Загрузка
Қазағым
Қазағым
  • Поп
  • 03:21
  • 320 кбит/с
  • 8.08mb
  • 2023-10-01
Текст песни Әулие мен абызын
Бағыт қылған қазағым
Домбырамен қобызын
Шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағын
Суат қылған қазағым
Тұлпары мен қыранын
Қуат қылған қазағым
Қазағым, қазағым
Таусылмасын ғажабың
Тарқамасын базарың
Қайсар халқым-ай
Қазағым, қазағым
Сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың
Дархан халқым-ай
Отырсада есікте
Тасып толған қазағым
Аруына бесікте
Ғашық болған қазағым
Жазылмайтын уәдесін
Қазық қылған қазағым
Жаңылмайтын кәдесін
Азық қылған қазағым
Ақылы мен тақымын
Суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын
Ұмытпаған қазағым
Өсиеті атаның
Ескірмеген қазағым
Туған жерін-отанын
Қастерлеген қазағым
: / :