Загрузка
Қазақ деген халықпыз
Қазақ деген халықпыз
  • 03:26
  • 320 кбит/с
  • 8.24mb
  • 2023-12-28

Артисты: Айгүл Есжанова

Текст песни Дәстүр салтын қазынам деп санайтын,
Ұлын -нарға, қызын -арға балайтын.
Сән сәулетті салтанатты саналы,
Қазақ деген халықпыз.
Аллаһты бір Пайғамбарды Хақ дейтін,
Адал ниет аққа Тәңір жақ дейтін.
Даласы кең, аласы кем көң(і)лінің,
Қазақ деген халықпыз.
Ат үстінде көкпар тартып ойнаған,
Айтыс, терме, күймен тойын тойлаған,
Ниеті ақ, пейілі кең, мейірбан,
Қазақ деген халықпыз.
Бар адамды бауыр деген, дос деген,
Қонағына ошақ оты өшпеген.
Несібелі ата -текті, ырысты,
Қазақ деген халықпыз.
Өткенінен өкпек есіп тұратын,
Ешкім бірақ жеңе алмаған мұратын.
Рухы мықты, еңселі ел ежелден,
Қазақ деген халықпыз.
Әлдекімнің айдауына ермеген,
Елін дауға, жерін жауға бермеген.
Бүкіл әлем мойындаған еріксіз,
Қазақ деген халықпыз.
: / :