Загрузка
Қазақстаным
Қазақстаным
  • 03:57
  • 320 кбит/с
  • 9.19mb
  • 2020-12-12
Текст песни 1.Айналайын қасиетіңнен байтақ далам
Ырысыңмен ынтымағың шайқалмаған
Жайлауларың жасыл белім тойда тойлаған
Көкпар тартып , бәйге шауып пай пайлаған
Туған елім ай , дархан жерім ай

Қайырмасы

Қазақстаным атамекенім
Мақтанып сені атап өтемін
Жүректе өшпей тұрады мәңгі
Мен үшін жалғыз отан екенің


2.Бұл даланы қорғап қалған қайсар бабам
Батырлары қас дұшпаннан тайсалмаған
Даналарым ай ,бабаларым ай
Ақ жаулықты, ақ ниетті байсалды анам
Абыздарын ақсақалын жайсаңдаған
Шешендерім ай ,көсемдерім ай

Қайырмасы

Қазақстаным атамекенім
Мақтанып сені атап өтемін
Жүректе өшпей тұрады мәңгі
Мен үшін жалғыз отан екенің
: / :