Загрузка
Құлпынайым
Құлпынайым
  • Поп
  • 03:51
  • 320 кбит/с
  • 9.14mb
  • 2023-06-15
Текст песни
Екеуміздің жасымызда қашық тым
Мен сонда да тек өзіңе асықпын
Жүрек құлпын саған ғана ашыппын

Маған осы қалпыңменен қымбатсың
Сені ойлаумен кірпік ілмей түн жаттым
Қолым жетпей әнімменен тіл қаттым.
Кел маған құшағыңды аш ҚҰЛПЫНАЙЫМ
Қол созып мен де саған ұмтылайын
Әр күнім сені ойлаумен өтіп жатыр
Иіскеп маңдайыңнан бір тынайын.

Бота көзің маған ғана қарасын,
Жүректердің жақындатып арасын
Күннен күнге ыстық болып барасың

Қыз Жібек пен Төлегендей екенбіз
Ғашықтарға үлгі болып өтерміз
Қолыңды бер балдай тәтті шекер қыз.
Кел маған құшағыңды аш ҚҰЛПЫНАЙЫМ
Қол созып мен де саған ұмтылайын
Әр күнім сені ойлаумен өтіп жатыр
Иіскеп маңдайыңнан бір тынайын.
Кел маған құшағыңды аш ҚҰЛПЫНАЙЫМ
Қол созып мен де саған ұмтылайын
Әр күнім сені ойлаумен өтіп жатыр
Иіскеп маңдайыңнан бір тынайын.
: / :