Загрузка
Қызым менiң!
Қызым менiң!
  • Поп
  • 03:30
  • 320 кбит/с
  • 8.29mb
  • 2023-05-09
Текст песни Ақ отауға сәуле шаш көркіңменен
Жарға берген жарығым сертіңменен
Бата алып қадірлі қарияңнан
Ұзатылып барасың еркіңменен
Қызым менің қазынам ерке гүлім
Сен бойжеттің заң солай ерте күнім
Бір әулеттің айналып келініне
Босағаңда қалады еркелігің
Тіршіліктің сен ботам тірегісің
Саған бақыт тұрады тілеп ішім
Бар ғаламат өзіңнен бастау алған
Күре тамыр өмірдің жүрегісің
Керегеңмен кеңейсің қоса іргең
Қазаныңды суытпа ошағыңмен
Барған жерде алтыным балдай батып
Өсіп өніп көктей бер қосағыңмен
: / :