Загрузка
Тәубеңе кел
Тәубеңе кел
  • 04:48
  • 320 кбит/с
  • 11.02mb
  • 2015-12-12
Текст песни Таудан биік секілденіп талғамың,
Ардан биік секілденіп арманың,
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді.
Сынағына шыдай алмай Алланың.
Ай мен күнге өптіргенге шекеңді,
Көрмедім деп өкпелейсің шетелді.
Тәубеңе кел,шетел түгіл зағиптар.
Көре алмайды өзі туған мекенді

Қошеметті көрмесеңіз несі бар.
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
Керең болып туғандарды есіңе ал.
Тәубеңе кел,пенде болсаң есі бар,
Сабырсыздар қадірсіз боп тосылар.
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал.
Бақыт мәңгі тұрсын десең басында,
Қанағат қыл,ашуланба тасынба.
Көлігім жоқ деп реңжуің бекерлік,
Аяғы жоқ адамдардың қасыңда.

Топ алдында төрге озғың кеп төтеден.
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең
Ақын болып тумадым деп налисын,
Мылқау болып туғанында не етер ең???
Құлақ түріп әркім айтқан пікірге.
Бейберекет бой ұрасың күпірге.
Тау мен тасқа соға бермей басыңды.
Аман-есен жүргеніңе шүкір де....
: / :