Загрузка
Ұямнан барам ұшып
Ұямнан барам ұшып
  • 04:18
  • 320 кбит/с
  • 10.31mb
  • 2023-09-07
Текст песни Тірегі ғұмырымның
Жанымды шын ұғындың,
Жаным ана!
Қымбатсың бар асылдан
Өзіңдей жанашыр жан
Табыла ма?

Қыз ғұмыр қалды керім,
Сеземін жан-жүрегің
Ауырғанын!
Барым менің бауырларым,
Сақтасын Тәңір бәрін!

Ана-жаным,
Қаламадым,
Жүрегіңнің сыздағанын, сыздағанын.
Дос-жарандар,
Қош аман бол,
Тағдыры сол қыз баланың, қыз баланың!

Жанардан тамады шық,
Ұямнан барам ұшып,
Ән құсың боп.
Бал күннің бәрі ойымда
Туған ел, ағайынға
Алғысым көп!

Арайлап алдан бір күн,
Қауырсын ән қалдырдым
Қанатымнан
Қызың едім дара туған,
Жат жұртқа жаратылған!
: / :