Загрузка
Ұлытау
Ұлытау
  • Поп
  • 04:34
  • 320 кбит/с
  • 10.73mb
  • 2024-02-27

Артисты: Зәйни Еламан

Текст песни Ұлытау ұлы өлке, ұлық далам
Киеңді қасиетті кім ұқпаған
Ханға орда, елге пана жерұйығым
Ұрпағың ұлы жер деп ұлықтаған.
Ұлытау ұланғайыр дархан далам
Тәрбие тал бесігі ортаң маған
О менің туған жерім алтын қазық
Ұшыңнан кіндігімнің арқаңдаған
Барған сайын сеземін ұлар барын
Ұларыңды бір көру ұлы арманым
Ұларыңды жасырма мұнарыңа
Нұры жауған құт мекен бір Алланың
Құлжа ойнаған көз тартып, қия шыңдар
Иықтасып көк тіреп тұрасыңдар
Сыймаған қос жанарға сұлу мүсін
Менің дала кеудеме сыясыңдар
Ақ қайың қызыл арша далаң жақұт
Тартады жан біткенді алаңдатып
Тұрады барғым келіп әр күн сайын
Барған сайын сыйлайсың маған бақыт
Барған сайын сеземін ұлар барын
Ұларыңды бір көру ұлы арманым
Ұларыңды жасырма мұнарыңа
Нұры жауған құт мекен бір Алланың
: / :