Загрузка
Ұзатылған қызыма
Ұзатылған қызыма
  • Поп
  • 03:44
  • 320 кбит/с
  • 8.85mb
  • 2023-06-10
Текст песни Өзің едің өмірде көңіл хошым
Жолың болсын балам ау, жолың болсын.
Баяғыдай еркелік қайда саған,
Жығып алып жүрмеңдер өмір көшін.
Туған үйден кетесің жыраққа сен,
Естілмейді дауысың құлаққа әсем,
Ауылыңның оты деп еске алып жүр,
Жапан түзде жағылған шырақ көрсең..
Еске алып жүр анаңды қатардағы,
Еске алып жүр әкеңді сапардағы,
Екеуі де сені ойлап жата алмады,
Екеуі де сені ойлап бата арнады.
Құрқұлтайдай көріскен ауылыңды,
Құлын тайдай тебіскен бауырыңды,
Еске алып жүр құлыным еске алып жүр,
Сыры бірді жаны бір дауы бірді
Жақсы келін атансаң сол жетеді,
Сол жетеді көңілді тербетеді
Мен қияға ұшамын сендерменен,
Сендерменен қызығым ер жетеді.
Адасқанда ықтайтын тауым болшы,
Шөлдегенде шөл басар жауын болшы.
Жабыққанда өмірде жебейтұғын
Жапырағы жайқалған ауыл болшы.
: / :