Загрузка
Жүрек анты
Жүрек анты
  • Поп
  • 04:21
  • 320 кбит/с
  • 10.04mb
  • 2016-12-12

Артисты: Роза Әлқожа

Текст песни Мен сен деп едім, сенделемін ойда
Сен мен деп едің, шөлдегенің қайда
Жан жабырқады, әнім тағы шалқы
Ән сені сүйем, жүрегімнің анты

Қайырмасы:
Айымның нұры деп бағалайын
Сен үшін жасарып жаңарайын
Бар сезім арналған саған айым, сәулем
Сезімнің сеңгірі биік екен
Махаббат өмірдің сыйы ма екен
Мен сені жаныммен сүйіп өтем, сәулем

Күн күншілдіктің, тіршіліктің еркі
Түн сыршылдықтың, бір шындықтың көркі
Сыр жүрегімнің, тілегімнің серті
Жар, жас жанымның жазылмаған дерті

Қайырмасы:
Айымның нұры деп бағалайын
Сен үшін жасарып жаңарайын
Бар сезім арналған саған айым, сәулем
Сезімнің сеңгірі биік екен
Махаббат өмірдің сыйы ма екен
Мен сені жаныммен сүйіп өтем, сәулем
: / :